Простатит – ер адамдарда кең таралған ауру. Қуықасты безінің қабынуы зәр шығарудың бұзылуына және өмір сапасының төмендеуіне алып келеді. Бұл патологияның дамуын салауатты өмір салтын ұстану және құрамында дәрумендер мен микроэлементтерге бай табиғи өнімдерді тұтыну арқылы алдын алуға болады.
Простатиттің алдын алу – ер адамның денсаулығының кілті
Алдын алу шаралары қуықасты безінің қызметін сақтау үшін маңызды рөл атқарады. Оларға урологқа тұрақты тексерілу, белсенді өмір салты, дұрыс тамақтану және дәрумендік кешендерді қабылдау жатады.
Простатиттің алдын алудың негізгі шаралары:
Тұрақты жыныстық өмір – қуықасты безінде сұйықтықтың тоқтап қалуын болдырмайды;
Теңгерімді тамақтану – мырыш пен селенге бай тағамдарды тұтыну;
Тұрақты дене жаттығулары – жамбас аймағындағы қан айналымын қалпына келтіреді;
Жұқпалы ауруларды дер кезінде емдеу – несеп-жыныс жүйесіндегі инфекциялар қуықасты безіне таралуы мүмкін;
Зиянды әдеттерден бас тарту – шылым шегу мен алкогольді шамадан тыс тұтыну бездің қызметіне кері әсер етеді.
Алдын алу шараларын сақтау қуықасты безінің саулығын сақтауға және простатиттің жағымсыз белгілерінен аулақ болуға көмектеседі.
Vitaman ерлерге арналған дәрумендік кешені
Vitaman витаминдер кешені – Қазақстандық UMMED компаниясының өнімі, ол ерлер денсаулығын сақтау мен қуықасты безі ауруларының алдын алуға бағытталған. Бұл кешен құрамындағы компоненттер өзара әрекеттесіп, әсерін күшейтеді.
Өнімнің негізінде өсімдіктер мен табиғи өнімдердің емдік қасиеттерін қолдану тәжірибесі жатыр. Бұл табиғи қасиеттер ғылыммен біріктіріліп, жоғары әсер береді. Әрбір құрамдас бөлік мұқият таңдалып, теңгерілген түрде енгізілген – бұл ағзаға жан-жақты әсер етуге және заманауи өмір ырғағына бейімдеуге көмектеседі.
Vitaman құрамында:
Бал – иммунитетті күшейтеді, ағзаның жағдайын қалпына келтіреді;
Қара зере – ас қорыту жүйесінің жұмысын тұрақтандырады, холестерин деңгейін реттейді;
Гвоздика (қалампыр) – антисептикалық және қабынуға қарсы қасиетке ие;
Даршын – қандағы қант деңгейін реттейді, антиоксиданттық қасиетке ие;
Зімбір – қан айналымын жақсартады, иммунитетті нығайтады, қабынуға қарсы әсері бар;
Крапива тұқымы (қалақай дәні) – иммунитетті күшейтіп, несеп-жыныс жүйесінің саулығын қолдайтын дәрумендер мен минералдарға бай;
Кориандр – ағзадан токсиндерді шығарады;
Қызыл женьшень – күшті адаптоген, стресске төзімділікті арттырады, дене және ой белсенділігін күшейтеді;
Сұлы – ас қорыту жұмысын қалыпқа келтіреді, холестеринді төмендетеді, салмақты қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі;
Тозаң (пыльца) – қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне ағзаның төзімділігін арттырады;
Эпимедиум (қазақша атауы – горянка) – әйгілі афродизиак, жыныстық құмарлықты күшейтеді және жыныстық функцияны қалпына келтіреді;
Альпиния – ас қорытуды жақсартады, жүрек-қан тамырлары жүйесінің саулығын қолдайды;
Күйдірілген құрма шәрбаты (сироп) – дәрумендер, минералдар және антиоксиданттарға бай;
Гинкго билоба – қан айналымын, әсіресе миға қан ағымын жақсартады, есте сақтау, зейін мен когнитивтік функцияларды күшейтеді;
Ара сүті (маточное молочко) – дәрумендерге, аминқышқылдарына және ферменттерге бай ара шаруашылығы өнімі;
Мия тамыры (солодка) – қабынуға қарсы, қақырық түсіретін және иммуномодуляциялық қасиеттерге ие.
Vitaman ерлер ағзасына жан-жақты әсер етеді: қуықасты безінің жұмысын тұрақтандырады, потенцияны арттырады, простатиттің дамуына жол бермейді. Дәрумендер зәр шығаруды қалыпқа келтіруге, қабыну мен ауырсынуды азайтуға, өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.
Простатиттің алдын алу – бұл кешенді тәсіл, оған салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және ерлерге арналған дәрумендерді қолдану кіреді. Өзіңнің денсаулығыңа көңіл бөлу – болашаққа жасалған инвестиция. Бұл ер адамдарға ұзақ жылдар бойы белсенді өмір мен жоғары өмір сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Аурудың алдын алған оңай – сондықтан профилактикалық шараларды елемеуге болмайды!